Ескерту
Қауіпсіздікке қатысты
• Құрылғыны тек «Техникалық сипаттамалары»
бөлімінде көрсетілген қуат көзімен іске қосыңыз.
• Кернеуді көрсететін белгі монитордың жəне
айнымалы ток адаптерінің артқы панелінде
орналасқан.
• Қорапқа қатты нəрсе немесе сұйықтық төгіліп
кетсе, құрылғыны ток көзінен ажыратыңыз жəне
əрі қарай пайдаланбас бұрын маманға тексертіңіз.
• Бірнеше күн немесе біраз уақыт пайдаланылмаған
жағдайда құрылғыны қабырға розеткасынан
ажыратып қойыңыз.
• Айнымалы ток сымын ажырату үшін ашадан ұстап
тартыңыз. Сымның өзін ешқашан тартпаңыз.
• Розетка құрылғыға жақын жəне қол жетімді жерде
болуы керек.
Орнатуға қатысты
• Ауа айналымын қалыпты ете отырып, ішкі қызып
кетудің алдын алыңыз.
Құрылғыны желдету саңылауларын бітейтін
(кілем, көрпе, тағы басқа) беттерге немесе
материалдарға (перде, шүберек) жақын қоймаңыз.
• Құрылғыны радиатор немесе булық сияқты ыстық
болатын жерлерге немесе тікелей күн сəулесі
түсетін жерге, өте шаң, дірілдейтін немесе соққы
болатын жерлерге орнатпаңыз.
• Мониторды трансформатор немесе жоғары
кернеулі желілері сияқты магнит тудыратын
жерлерге орнатпаңыз.
Құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты ескертулер
• Кейбір адамдарда бейне суреттер көрген кезде
ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы, қалжырау
немесе лоқсу) болуы мүмкін. Sony корпорациясы
бейне суреттер көрген кезде барлық көрушілерге
үзіліс жасап тұруға кеңес береді. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі адамдарға
байланысты əр түрлі болады. Қайсысы ыңғайлы
екенін өзіңіз шешуіңіз керек. Егер қандай да бір
ыңғайсыз жағдай сезінсеңіз, ол аяқталғанша бейне
суреттерді көруді тоқтатыңыз, қажет десеңіз,
дəрігерге қаралыңыз.
• Бейнелерді бас айналатын жерлерде, серуендеген
немесе жаттығу жасаған кезде көрмеңіз, себебі
өзіңізді ыңғайсыз сезіну мүмкіндігі жоғары.
8
KZ
Ескерту
Құрылғыны басқа медициналық
құрылғылармен қосуға қатысты
ескертулер
• Бұл құрылғыны тастаудың жəне/немесе осы
құрылғыны қандай да бір медициналық
құрылғыға қосудың алдында келесі сақтық
шараларды біліңіз жəне сақтаңыз:
(а) Осы құрылғыны медициналық тəжірибеге
пайдаланудың алдында көздеген əрекетіңізді
немесе медициналық тəжірибені орындауда
апаттық немесе ақаулық жағдайға əкелуі мүмкін
жайсыздықты сезінбейтіңізді тексеріп, көз
жеткізіңіз.
(ə) Егер мұндай жағдайлар болса, құрылғыны
пайдаланудан бас тартыңыз.
(б) Жалпы ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы,
қалжырау, лоқсу немесе бас айналу) бейне
суреттердің тез жылжуынан немесе шайқалуынан,
бейне суреттердің орталық орналасуынан,
нысандар мен суретке түсіру модульдер
арасындағы аралықтардан, пайдаланушылардың
бейне суреттерге көз алмастан қарауынан,
құрылғыға салынған бейне суреттерден жəне жеке
пайдаланушылардың денсаулығына байланысты
туындауы мүмкін.
• Осы құрылғыны пайдаланбас бұрын жалғанған
медициналық құрылғы суретінің құрылғының
экранында дұрыс көрсетілгенін тексеріңіз.
Электрхирургиялық пышақпен,
т.б. бір уақытта пайдаланған
кезде
Құрылғыны электрхирургиялық пышақпен, т.б.
бірге пайдаланса, құрылғыдағы қатты радио
толқындар немесе кернеулер нəтижесінде суреттің
бұзылуы, бұрмалануы не болмаса дұрыс
көрсетілмеуі мүмкін. Бұл ақау емес.
Құрылғыны қатты радио толқындар мен кернеу
шығаратын құрылғымен бірге пайдалансаңыз,
мұндай құрылғыларды пайданбас бұрын əсерін
тексеріңіз жəне радио толқын кедергісін
азайтатындай етіп орнатыңыз.