Жүктемесіз номиналды айналу жиілігі
Минут ішіндегі айналымдар
Минут ішіндегі айналымдар
1.4 Өнім туралы ақпарат
Hilti өнімдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және тек өкілетті, білікті қызметкерлермен
пайдаланылуы, күтілуі және техникалық қызмет көрсетілуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану
немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
Түр сипаттамасы мен сериялық нөмір фирмалық тақтайшада берілген.
▶ Сериялық нөмірді төмендегі кестеге көшіріп қойыңыз. Өнім туралы мәліметтерді өкілдігімізге
немесе қызмет көрсету бөлімімізге сұрау беру арқылы алуға болады.
Өнім туралы мәліметтер
Құрама перфоратор
Буын
Сериялық нөмір
1.5 Сәйкестілік декларациясы
Біз осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы директивалар мен нормативтерге сәйкес
келетінін толық жауапкершілікпен жариялаймыз.
құжаттаманың соңында орналасқан.
Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:
Hilti Entwicklungsgesellschaft mbH | Zulassung Geräte | Hiltistraße 6 | 86916 Kaufering, DE
2 Қауіпсіздік
2.1 Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ Бұл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды,
суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқауларды орындамау
электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жарақаттарды тудыруы мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы
үшін сақтаңыз.
Қауіпсіздік нұсқауларында қолданылатын «электр құралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен)
және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.
Жұмыс орны
▶ Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және
нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Жанғыш сұйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралды
қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдар ұшқындар шығады және ұшқындар шаңды немесе
буларды тұтандыруы мүмкін.
▶ Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп тұрған электр құралға жақындауына рұқсат
етпеңіз. Жұмысқа көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
▶ Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың
конструкциясын өзгертпеңіз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі
айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу
қаупін азайтады.
▶ Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға)
және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр
тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.
▶ Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі
нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.
Printed: 08.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5070837 / 000 / 05
TE 30 | TE 30AVR
| TE 30CAVR |
TE 30MAVR
01
Сәйкестілік декларациясының суреті осы
Қазақ
137