Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti DPC 20 Handbuch Seite 252

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DPC 20:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Әрқашан аспапты екі
қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін үзілістер
жасаңыз.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз. Аспапты тек жұмыс аймағына әкелгеннен кейін ғана
қосыңыз.
Айналатын түйіндерге, әсіресе айналатын қондырмаларға тию жарақаттарға әкелуі
мүмкін.
▶ Ажарлауды орындаған кезде зиянды шаң бөлінуі мүмкін. Жұмысты бастау алдында ажарлау кезінде
пайда болатын шаң қауіпті материалдардың қандай класына жататынын анықтап алыңыз. Аспаппен
жұмыс істеу үшін қауіпсіздік класы ресми түрде бекітілген, жергілікті шаңнан қорғау ережелеріне
сай келетін шаңсорғышты мүмкіндігінше қолданыңыз.
▶ Құрамында қорғасын бар бояулар,
қамтитын жыныстар және минералдар мен металл сияқты материалдардан пайда болатын шаң
денсаулық үшін зиянды болуы мүмкін. Мұндай шаңның бөлшектерімен дем алу немесе оған тию
пайдаланушыларда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакциялардың және/немесе дем
алу жолдары ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Кейбір шаң түрлері (мысалы, еменді
немесе шамшатты өңдеу кезінде пайда болатын шаң) канцерогенді деп есептеледі, әсіресе ағашты
өңдеу үшін қолданылатын қосымша материалдармен (хром қышқылының тұзы, ағашты қорғау
заттары) тіркесімде. Құрамында асбест бар материалдарды тек мамандар өңдеуі керек. Мүмкін
болса, жарамды шаңсорғыш құралды қолданыңыз. Шаң сорудың жоғары деңгейіне жету
үшін, тиісті жылжымалы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Қажет болса, сәйкес шаң түріне
арналған респиратор маскасын тағыңыз. Жұмыс орнының жақсы желдетілуі үшін өңделетін
материалдар бойынша еліңізде қолданылатын ережелерді сақтаңыз.
▶ Ажарлау жұмысын бастамас бұрын шегелер, бұрандалар және т.б. сияқты шығып тұрған бөліктерді
абайлап шығарып алыңыз.
▶ Ажарлау кезінде ұшқындар ұшуы мүмкін. Жан-жаққа ұшатын ұшқындардың айналадағыларға зиян
тигізбеуін қадағалаңыз.
Электр құралдарымен дұрыс жұмыс істеу және дұрыс пайдалану
▶ Өңделетін бөлшекті берік бекітіңіз.
қолданыңыз.
Бұл оны қолмен ұстап тұрудан сенімдірек және бұл кезде аспапты екі қолмен
ұстауға болады.
▶ Қолданысқа әр енгізуден бұрын, сонымен қатар жұмыстағы үзілістер кезінде құралдың берік
орнатылғанын тексеріп тұрыңыз.
Электр қауіпсіздігі
▶ Жұмысты бастау алдында жұмыс орнында жасырын электр сымдарының, газ және су жүргізу
құбырларының бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, металл іздегіш көмегімен.
кездейсоқ тиіп кетсе, аспаптың ашық металл бөліктері электр тогының өткізгіштеріне айналуы
мүмкін. Бұл кезде электр тогының соғу қаупі пайда болады.
▶ DG 150 ажарлағыш білдегін жүктеме астында пайдалану барысында еш жағдайда штепсельдік
ашаны DPC 20 желіге қосылу ұясынан суырмаңыз.
▶ Аспаптың желілік кабелін тұрақты түрде тексеріңіз және зақымдалған кабельді ауыстыру үшін
тәжірибелі электрші маманды шақырыңыз. Электрлік құралдың байланыс кабелі зақымдалған
жағдайда оны арнайы дайындалған және рұқсат етілген кабельге ауыстыру керек. Оған клиенттерге
қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсырыс беруге болады. Ұзартқыш кабельдерді тұрақты түрде
тексеріңіз және зақымдар бар болғанда оларды ауыстырыңыз. Жұмыс кезінде желілік немесе
ұзартқыш кабель зақымдалған жағдайда оған тиюге тыйым салынады. Желілік кабельді розеткадан
шығарыңыз. Ақаулы электр қуаты кабельдері және ұзартқыш кабельдер электр тогының соғу қаупін
тудырады.
▶ Ток өткізгіш материалдармен жиі жұмыс істегенде ластанатын аспапты тұрақты түрде Hilti қызмет
көрсету орталығына тексертіңіз. Қолайсыз жағдайларда аспап бетінде жиналатын ылғал мен шаң
(әсіресе төк өткізгіш материалдардан) электр тогының соғуын тудыруы мүмкін.
Жеке қауіпсіздік
▶ Жұмыс орнының жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. P2 класты сүзгісі бар респираторды кию
ұсынылады.
▶ Алмас тегістеу дөңгелегі, қорғауыш қаптаманың немесе аспаптың бөліктері (жетек редукторы)
жұмыс уақытында қызып кетуі мүмкін. Мұндай бөліктермен жанасқан кезде өзіңізді күйдіріп алмау
үшін әрдайым қорғаныш қолғап киіп жүріңіз.
248
Қазақ
Printed: 28.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5069653 / 000 / 04
ағаштың кейбір түрлері,
Бөлшекті бекіту үшін струбциналарды немесе қысқышты
бетон/кірпіш қалауы/кварц
Электр сымдарына

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dg 150

Inhaltsverzeichnis