КЕРЕК-ЖАРАҚТАР
ТЕМПЕРАТУРА ИНДИКАТОР ШАМЫ*
Тоңазытқыштағы ең суық аймақты айқындауға
арналған.
1. Индикатор шамында OK сөзінің анық
көрінетінін тексеріңіз (төмендегі суретті
қараңыз).
2. Егер "OK" сөзі көрінбесе, бұл температура
тым жоғары дегенді білдіреді: төменірек
температураны орнатыңыз да, ол әбден
тұрақтанғанша шамамен 10 сағаттай
күтіңіз.
3. Индикатор шамын қайтадан тексеріңіз: егер
қажет болса, бастапқы әрекетті орындап,
оны қайтадан реттеңіз. Егер тағам көп
мөлшерде салынса немесе тоңазытқыштың
есігі жиі ашылса, индикатор шамда
OK сөзінің көрінбеуі - қалыпты жағдай.
ТОҢАЗЫТҚЫШ ЖҰМЫСЫ тетігін жоғарырақ
параметрге ауыстырмас бұрін кем дегенде
10 сағат күтіңіз.
ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІС ЖӘШІГІ *
Тоңазытқыштың ішіндегі салат контейнерлері
көкөністер мен жемістерді жас және солмаған
күйінде сақтауға арналған. Егер жеміс сияқты
тағамды ылғалдылығы төмендеу ортада
сақтағыңыз келсе, ылғалдылықты реттегішті
ашыңыз (B бағыты) немесе тағамды ылғалдау
ортада сақтағыңыз келсе оны жабыңыз (A
бағыты).
A
B
218
"ТАҒАМДЫ 0 °C САҚТАУ АЙМАҒЫ" /
ҚАУІПСІЗ ЖІБІТУ *:
Ет пен балық сияқты жас тағамды сақтауға
арналған бөлімше. Бөлімшенің ішіндегі төмен
температура тағамның нәрлілігін, сыртқы
түрі мен дәмін өзгертпестен бір аптаға
дейін сақтауға мүмкіндік береді - сынақ ет
тағамдарымен жүргізілді.
Бұл бөлімше сондай-ақ тағамды денсаулыққа
зиянсыз түрде жібітуге қолайлы, себебі төмен
температурада жібіту микроорганизмдердің
өсіп-өнуіне жол бермей, тағамның дәмі мен
органолептикалық сипаттарын қорғайды.
Бұл бөлімше жеміс-жидекке, көкөніс пен көк
салатқа жарамайды. Алайда оны толтырмасы
бар жаңа піскен макарон және тіпті піскен
тамақ немесе қалған тамақ үшін пайдалануға
болады.
СӨРЕЛЕР *
Арнайы бағыттауыштарының көмегімен
сөрелерді алып шығуға болады және биіктігі
реттеліп, көлемі үлкен ыдыс пен тағамды оңай
сақтауға мүмкіндік береді.
A
B