Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKS 12V-26 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 170

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKS 12V-26 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
170 | Қазақ
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға
байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Параллель тірекпен аралау (D суретін қараңыз)
Параллельді тіреуіш (32) дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Тірек тақтасының сыртқы жиегінде қалаулы кесік енін
параллель тірек / бағыттауыш шина адаптерінің
бағыттауыштарындағы шкаланың көмегімен реттеңіз.
Көмек тіреуішпен аралау (F суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны
немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны
тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен
жүргізуге болады.
Бағыттауыш шинамен аралау (E суретін қараңыз)
Бағыттауыш шина (34) көмегімен тік кесіктерді
орындауға болады.
Нұсқау: бағыттауыш шинаны (34) тек тікбұрышты
кесіктер үшін пайдаланыңыз. Қисық кесіктер жасағанда
бағыттауыш шинаға (34) зақым келтіруіңіз мүмкін.
Тұтқыр бағыттауыш шина сырғануының алдын алып,
дайындама бетін қорғайды. Бағыттауыш шина қаптамасы
электр құралының оңай жылжуына мүмкіндік береді.
Бағыттауыш шинаны (34) арнайы қысу аспаптарымен,
мысалы, қысқашпен дайындамаға бекітіңіз. Электр
құралын орнатылған бағыттауыш шина адаптерімен
бағыттауыш шинаға орнатыңыз.
Нұсқау: параллель тіректі / бағыттауыш шина адаптерін
(32) Bosch логотипін төмен қаратып электр құралына
орнатыңыз.
Бағыттауыш шина (34) араланатын дайындама
шетінен шықпауы тиіс.
Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай
қысыммен біркелкі жүргізіңіз.
Параллель тірекпен / бағыттауыш шина адаптерімен
және сорғыш шлангімен жұмыс істеу
Алдымен сору адаптерін (29) сорғыш шлангімен (30)
бірге, ал сонан соң параллель тіректі / бағыттауыш шина
адаптерін (32) орнатыңыз.
Нұсқау: параллель тіректі / бағыттауыш шина адаптерін
(32) және сору адаптерін (29) бекіту үшін тек арнайы
бұрандаларды ғана пайдаланыңыз!
1 609 92A 7TA | (17.05.2022)
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы
нұсқаулар
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан
қорғаңыз.
Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура
ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Аккумулятордың желдету тесігін жұмсақ, таза және
құрғақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы
аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
білдіреді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды
орындаңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы
u
мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Маятниктік қорғағыш қаптама әрқашан еркін қозғалуы
және өз бетінше жабылуы керек. Сондықтан маятниктік
қорғағыш қаптама айналасындағы аумақты әрқашан таза
ұстаңыз. Шаң мен жоңқаларды жаққышпен алып
тастаңыз.
Жабыны жоқ аралау дискілерін қышқылсыз мұнайдың
жұқа қабатымен жауып қорғауға болады. Аралау алдында
мұнайды кетіріңіз, өйткені кері жағдайда ағашта дақтар
пайда болады.
Жүздегі шайыр немесе желімнің қалдықтары кесу
сапасына әсер етеді. Сондықтан пайдаланудан кейін
аралау дискілерін тазалаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы
бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас
бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер
туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық
тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош"
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis